Путин НАТО елдерін Ресеймен соғысуға дайындалып жатыр деп айыптады
Еуропаның әскери шығыны өскенінен Путин сескеніп қалды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресей президенті Владимир Путин НАТО елдері Ресеймен ықтимал қақтығысқа дайындалып жатқанын ашық айтып жүр деп мәлімдеді. Бұл туралы Ресей президентінің баспасөз қызметі жазды.
Путин әскери жоғары оқу орындарын бітірушілермен кездесу кезінде Батыс елдерінің Украинаға қолдау көрсетуден Ресейге қарсы әскери дайындыққа көшкенін айтты.
Ресей басшысының сөзінше, НАТО мен Еуропалық одақ елдері әскери шығындарын арттырып, қару-жарақ қорын көбейтіп жатыр. Ол мұндай қадамдарды ақтау үшін Батыс мемлекеттері Ресей тарапынан қауіп бар деген мәлімдемелерді пайдаланып отыр деп санайды.
«Алдымен біздің елге қауіп төндіреді, бізді өзін-өзі қорғауға қажетті шаралар қабылдауға мәжбүрлейді. Кейін сол әрекеттеріміз үшін бізді айыптайды», – деді Путин.
Ол өз сөзінде 1941 жылғы Германияның Кеңес Одағына шабуылын мысал ретінде келтірді. Путиннің айтуынша, сол кезеңдегі оқиғаларға қатысты кейбір пікірлер әлі күнге дейін талқыланып келеді.
Бұған дейін Беларусь Қауіпсіздік кеңесінің мемлекеттік хатшысы Александр Вольфович Батыс елдері соғысқа дайындалып жатыр деп мәлімдеген болатын. Оның айтуынша, кейбір стратегиялық құжаттарда ықтимал қақтығыс 2030 жылмен байланыстырылған.
Сонымен қатар, The Economist басылымы Украина билігіндегі дереккөздерге сілтеме жасап, Владимир Зеленский елді алдағы бірнеше жылдағы әскери әрекеттерге дайындық режимінде ұстау туралы тапсырма бергенін жазған.
Ресей президентінің көмекшісі Юрий Ушаков халықаралық сарапшылар форумында әлемдегі көпполярлы тәртіп пен Батыс ұстанатын халықаралық модель арасындағы қарама-қайшылық күшейе түсетінін айтқан.
Материал авторы