1710

«Артымнан адам салып аңдыды»: Гүлайым Рахмонова қайын жұртының әрекетін әшкереледі

Гүлайым Рахмонова өзіне күйеуінің туыстары қысым көрсетіп жатқанын жазды.

«Артымнан адам салып аңдыды»: Гүлайым Рахмонова қайын жұртының әрекетін әшкереледі
instagram.com/kerey_khan03

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, UFC спортшысы Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары Гүлайым Рахмонова әлеуметтік желідегі жазбасында өзіне қатысты пікірлерге жауап беріп, бұл жағдайға байланысты қатаң мәлімдеме жасады. Бұл туралы желідегі жарияланымдарға сүйенген отандық ақпарат құралдары жазды.

Гүлайым Рахмонова қайынжұртына қатысты жазбаларға ашуланып, кейбір қолданушылардың әрекетін сынға алды.

«Қайын жұрт деген қандай қиын еді?! Комментарийларыңды, аккаунттарыңды, TikTok-тарыңды көп ұзамай шығарып көрсетемін. Өшіре салыңдар деп едім, тыңдамадыңдар. Мені күлкі қыламын деп өздерің күлкіге қаласыңдар», – деп жазды ол.

Оған себеп болған жағдай — әлеуметтік желідегі бір жазба. Гүлайым Рахмонованың өмірден өткен туысына белгісіз қолданушы «Гүлайым сені сағынып жүр, алып кетші» деген мазмұнда пікір қалдырған. Бұл әрекет оның наразылығын тудырды.

Ол мұндай пікірлерді орынсыз деп атап, жауапсыз қалдырмайтынын жеткізді.

«Бекерге өмірден өткен адамға жазып жүрсіңдер, ол адам қайтып келмейді. Арсыз надан ғана өлген адамды мазақ етеді. Менің берген сұхбатым жандарыңа қатты батты ма деп ойлаймын. Өздеріңді тоқтата алмай жатыр екенсіңдер», – деді Рахмонова.

Сондай-ақ ол өзіне қысым жасалып жатқанын айтып, жағдай жалғаса берсе, кейбір мәліметтерді көпшілікке жариялайтынын ескертті.

«Ізімнен қалмай адам салып аңдиды екенсіңдер. Маза бермесеңдер, шындықтың біразы ел алдына шығады. Маған қастандық жасаймын немесе ойыма келгенді айтамын десеңдер, бірінші өздерің жауап бересіңдер», – деп жазды ол.

Гүлайым Рахмонова барлық аккаунттар мен пікірлер тексеріліп жатқанын да мәлімдеді.

Жазба астына оның оқырмандары түрлі пікір қалдырып, қолдау білдірді. Кейбір қолданушылар марқұм адамға қатысты мұндай пікірлердің орынсыз екенін айтып, сынға алды.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор