1186

Ақтөбеде 19 жастағы жігітті найзағай ұрып қаза тапты

Полиция жас жігіттің өліміне байланысты істің мән-жайын анықтап жатыр.

Ақтөбеде 19 жастағы жігітті найзағай ұрып қаза тапты
RAKESH BAKSHI / AFP/Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтөбе облысында 19 жастағы жігіттің денесі табылды. Алдын ала болжам бойынша, оның өліміне найзағай түсуі себеп болған. Бұл туралы Ақтөбе облысы полиция департаменті жазды.

Құқық қорғау органдарының мәліметінше, марқұмның денесі анықталғаннан кейін аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалған.

«19 жастағы жігіттің денесін табу дерегі бойынша қылмыстық іс қозғалды. Алдын ала мәлімет бойынша, өлім атмосфералық электр тогының әсерінен, яғни найзағай соғуынан болған», – деп хабарлады Ақтөбе облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі.

Қазіргі уақытта оқиғаның нақты мән-жайы анықталып жатыр. Тергеу барысында қайғылы жағдайдың қалай болғаны және өлімнің нақты себебі белгіленеді.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор