2521

Португалиядан жеңілгеннен кейін өзбекстандық жанкүйерлер жаппай теледидарын сындырды (ВИДЕО)

Өзбекстанның ойсырай жеңілгенін жанкүйерлер көтере алмай қалды.

Португалиядан жеңілгеннен кейін өзбекстандық жанкүйерлер жаппай теледидарын сындырды (ВИДЕО)
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Өзбекстан құрамасының әлем чемпионатындағы ауыр жеңілісінен кейін әлеуметтік желілерде ашуға бой алдырған жанкүйерлердің видеолары тарады. Кейбір футбол жанкүйерлері матчтан кейін эмоциясын ұстай алмай, теледидарын сындырған.

Португалия құрамасы мен Өзбекстан арасындағы кездесу 5:0 есебімен аяқталды. Бұл нәтиже өзбекстандық жанкүйерлер үшін үлкен соққы болған.

Матч аяқталғаннан кейін әлеуметтік желілерде түрлі видеолар пайда болды. Кадрларда кейбір жанкүйерлердің теледидардың пультін лақтырып, экранды ұрып, техниканы бүлдіргені көрсетілген. Кейбіреулері ойынның соңына дейін шыдай алмай, ашумен бөлмеден шығып кеткен.

Желі қолданушыларының айтуынша, бірқатар жанкүйерлер командасының ірі есеппен жеңілгенін ауыр қабылдап, көңіл күйін тұрмыстық техникадан шығарған.

Соған қарамастан, мыңдаған жанкүйер ұлттық құрамаға қолдау білдіруін жалғастырып жатыр. Олар команданың келесі кездесуде жақсы нәтиже көрсетуіне сенетінін жазған.

«Бұл қалыпты жағдай. Бірінші сынып оқушылары мектеп бітірушілермен ойнағандай болды. Бірақ тең емес қарсыласқа қарсы рухпен күресті. Өзбекстан құрамасы жарайсыңдар», – деп жазды желі қолданушыларының бірі.

Тағы біреулері «Олар мұндай нәтиже болады деп күтпеген сияқты» деп пікір қалдырса, кейбір жанкүйерлер әзілмен «Енді теледидарлар қымбаттап кететін шығар» деп жазған.

Кейбір пікір білдірушілер үшін әлем чемпионатына қатысудың өзі үлкен жетістік екенін атап өткен.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор