2588

Ресейдегі мұнай базасы дрон шабуылынан кейін өртенді

Дрон шабуылы туралы хабардан кейін Краснодар өлкесінде қауіпсіздік шаралары күшейтілді.

Ресейдегі мұнай базасы дрон шабуылынан кейін өртенді
x.com/@Dialog_UA

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ресейдің Краснодар өлкесінде дрон шабуылынан кейін мұнай базасында өрт шықты. Жергілікті билік оқиғаға құлаған ұшқышсыз аппараттың қалдықтары себеп болғанын мәлімдеді.

25 маусымға қараған түні Краснодар өлкесінің Красноармейск ауданындағы Полтава мұнай базасында өрт тіркелді.

Аудан әкімі Александр Харитоновтың айтуынша, нысандағы өрт әуеден атып түсірілген дронның сынықтары мұнай базасының аумағына құлауынан басталған.

«Өрт мұнай базасына құлаған жойылған дрон қалдықтарының салдарынан шықты», – деді ол.

Сондай-ақ билік Полтава елді мекені мен Трудобеликовский хуторы арасындағы автожолда көлік қозғалысы уақытша шектелгенін хабарлады.

Оқиғаға байланысты өртті сөндіру және жағдайды тұрақтандыру жұмыстары жүргізіліп жатыр. Төтенше жағдайдың салдары туралы қосымша ақпарат әзірге жарияланған жоқ.

Материал авторы