2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты млн машина шығаруы керек – министр

11.05.2023, 09:45
733
2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты млн машина шығаруы керек – министр elorda.info

ҚР Индустрия және инфрақұрылымдық даму министрі Марат Қарабаев Қазақстан автомобиль нарығында басты ойыншы бола ма деген сұраққа жауап берді. Ведомство басшысы өткен жылы елде 100 мыңнан астам жеңіл автокөлік жиналғанын айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Жалпы, автомобиль жасау – еліміздегі жаңа бағыт. Біз бұл салада шамамен 10 жыл бұрын жұмыс істей бастадық. Өткен жылы автомобиль өндірісі 100 мыңнан астам жеңіл машинаны көрсетті. Бұған дейін автомобиль құрастыруға баса мән берілетін. Енді біз локализацияны тереңдете түсеміз, талаптарды қатайтамыз. Әр брендтен бір модельді ұсақ құрастыру арқылы жинау керек. Шағын құрастыру – 2 мыңнан астам операцияны құрайды, бұл орасан зор жұмыс. Оған қоса, жаңа жобалар да бар. Біз шиналар өндірісін бастадық, аккумуляторлар мен алдыңғы бамперлер шығара бастадық. Әрі қарайғы міндет – жергілікті өндірісті дамыту», - деді министр Астанада Ondeu Expo индустриялық көрмесінде тілшілерге берген сұхбатында.

Сондай-ақ, Индустрия министрі елімізде авто өндіру көлемі артып келе жатқанын айтты.

«Егер Қазақстан нарығы – 150 мың машина болса, келесі жылы қазақстандық автоөндіріс 150 мың машинаны шығарады. Яғни, нарықтың жаңа автокөліктерге деген қажеттілігі толығымен жабылады. Бірқатар жаңа жобалар бар. Біздің міндетіміз - 2026 жылға қарай Қазақстан жылына жарты миллион машина шығаруы үшін өндіріс көлемін 500 мыңға дейін арттыру», - деп толықтырды Марат Қарабаев.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды