«500-ден астам адам іздеді»: Қырғызстанда ағыс алып кеткен 6 жасар баланың денесі табылды
Көліктің тежегіші істен шығып, өзенге құлаған апат екі баланың өмірін қиды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстандағы Кегеты шатқалында өзенге құлаған көліктен кейін жоғалып кеткен алты жасар баланың денесі табылды. Бұл ақпаратты Kaktus.media басылымына Қырғызстанның Төтенше жағдайлар министрлігі растады.
Ведомство мәліметінше, баланың денесі 26 маусым күні табылған. Құтқарушылар оның нақты қай жерден табылғанын кейінірек хабарлайтынын жеткізді.
Айта кетейік, қайғылы оқиға 23 маусымда Кегеты шатқалы аумағында болған. Алдын ала мәлімет бойынша, жеңіл көліктің тежегіші істен шығып, көлік жардан өзенге құлаған.
Көлік ішінде екі бала және екі ересек адам болған. Ересектер өздігінен сыртқа шыға алған. Ал қыз бала сол күні табылып, ауруханаға бара жатқан жолда көз жұмған.
Алты жастағы баланы іздеу жұмыстарына 25 құтқарушы мен еріктілер тартылған. Бірнеше күнге созылған іздеу шаралары қайғылы нәтижемен аяқталды.
Материал авторы