Кабо-Верде футбол тарихында алғаш рет әлем чемпионатының плей-офф кезеңіне шықты
Кабо-Верде енді әлем чемпионы атанған Аргентина құрамасына қарсы алаңға шығады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Кабо-Верде ұлттық құрамасы футболдан 2026 жылғы әлем чемпионатында алғаш рет плей-офф кезеңіне жолдама алды.
H тобының соңғы турында Кабо-Верде Сауд Арабиясымен кездесті. АҚШ-тың Хьюстон қаласында өткен матч 0:0 есебімен аяқталды.
Топтық кезең қорытындысы бойынша Кабо-Верде құрамасы үш ұпай жинап, өз тобында екінші орын алды. Осы нәтиже командаға әлем чемпионатының 1/16 финалына шығуға мүмкіндік берді.
Тарихи жетістікке жеткен дебютант енді турнирдің қазіргі чемпионы Аргентина құрамасына қарсы ойнайды.
Ал Сауд Арабиясы H тобында екі ұпаймен соңғы орынға жайғасып, әлем чемпионатындағы жарысын аяқтады.
2026 жылғы футболдан әлем чемпионаты АҚШ, Канада және Мексика аумағында өтіп жатыр. Турнирдің финалы 19 шілдеде өтеді.
Материал авторы