2378

АҚШ Иран нысандарына соққы жасады: Ормуз бұғазындағы шиеленіс қайта күшейді

АҚШ әскері зымырандар мен дрондар сақталған қоймаларға және жағалаудағы радиолокациялық бекеттерге соққы жасағанын мәлімдеді.

АҚШ Иран нысандарына соққы жасады: Ормуз бұғазындағы шиеленіс қайта күшейді
Getty Images

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ әскері Ормуз бұғазындағы кемеге жасалған шабуылдан кейін Иран аумағындағы бірқатар әскери нысандарға соққы жасағанын мәлімдеді. Бұл туралы «Бұл туралы Kazinform басылымы BBC-ге сілтеме жасап жазды».

АҚШ Орталық қолбасшылығының (CENTCOM) мәліметінше, операция барысында Иранның зымырандар мен ұшқышсыз ұшақтар сақталған қоймалары, сондай-ақ жағалауда орналасқан радиолокациялық станциялар нысанаға алынған.

Америкалық тарап бұл әрекетін Ормуз бұғазы арқылы өтетін сауда кемелеріне жасалған шабуылға жауап деп түсіндірді.

«Иран күштерінің азаматтық кеме қатынасына қарсы негізсіз агрессиясы атысты тоқтату режимін ашық түрде бұзды. Иранның қауіпті әрекеттері маңызды халықаралық сауда дәлізіндегі еркін теңіз қатынасына қауіп төндіреді», – деп мәлімдеді CENTCOM.

АҚШ қолбасшылығы бұдан былай да бұғаз арқылы өтетін коммерциялық кемелердің қауіпсіз қозғалысын қамтамасыз ету үшін әрекеттер жалғасатынын атап өтті.

Ал Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусы (КСИР) АҚШ әскеріне қарсы жауап соққысын жасағанын хабарлады. Алайда Тегеран бұл шабуылдың нақты нысандары мен салдары туралы толық ақпарат бермеді.

Бұған дейін АҚШ президенті Дональд Трамп Иранды атысты тоқтату туралы келісімді бұзды деп айыптаған еді. Оның айтуынша, бұған Сингапур туы астында жүрген Evergreen компаниясына тиесілі Ever Lovely контейнер кемесіне жасалған шабуыл себеп болған.

Трамптың сөзінше, Иран Ормуз бұғазы арқылы өткен кемелерге кемінде төрт шабуылдаушы дрон жіберген. Оның біреуі ірі жүк кемесіне тиіп, зақым келтіргенімен, кеме қозғалысын жалғастырған. Қалған үш дрон АҚШ күштері тарапынан жойылғаны айтылды.

АҚШ вице-президенті Джей Ди Вэнс те Тегеранға ескерту жасап, келісім шарттарына қатысты мәселе болса, оны келіссөз арқылы шешу қажет екенін айтты.

«Алайда зорлыққа жауап ретінде зорлық қолданылады», – деді Вэнс.

Ормуз бұғазы әлемдегі ең маңызды мұнай тасымалдау бағыттарының бірі саналады. Сондықтан бұл аймақтағы кез келген әскери шиеленіс халықаралық нарыққа әсер етуі мүмкін.

Материал авторы