1984

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталғандар «Қара бүркіт» колониясына жеткізілді

Сотталғандардың қай колонияда отырғаны туралы ақпарат бұған дейін қоғамда сұрақ тудырған еді.

Яна Легкодимованы өлтіргені үшін сотталғандар «Қара бүркіт» колониясына жеткізілді
SMARTNEWS.KZ коллажы

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов осы аптада «Қара бүркіт» деп аталатын №39 мекемеге жеткізілді. Бұл туралы «АЖ басылымы жазды».

Басылым мәліметінше, бұған дейін сотталғандардың қай жерде жазасын өтеп жатқанына қатысты сұрақтар туындаған. Осыған байланысты «НеМолчиKZ» қоғамдық қоры Ішкі істер министрлігі Қылмыстық-атқару жүйесі комитетіне арнайы сауал жолдап, ақпараттың рас-өтірігін анықтауды сұраған.

Бұған дейін Хайржанов пен Қатимов №39 мекемеде емес, Қостанайдағы №76 колонияда болуы мүмкін деген ақпарат тараған еді. Алайда ҚАЖ комитеті жәбірленуші тарапқа сот үкімі заңды күшіне енгеннен кейін сотталғандардың жазасын тиісті тәртіппен өтеп жатқанын хабарлаған.

AЖ дереккөзінің мәліметінше, екі сотталған да осы аптада өмір бойына бас бостандығынан айырылған азаматтар ұсталатын №39 «Қара бүркіт» мекемесіне ауыстырылған.

Еске салайық, Ризуан Хайржанов пен Алтынбек Қатимов Яна Легкодимованы өлтіргені үшін өмір бойына бас бостандығынан айырылған болатын. Бұл қылмыс қоғамда үлкен резонанс туғызып, көпшіліктің назарында қалды.

Материал жарияланған сәтте Қылмыстық-атқару жүйесі комитеті сотталғандарды этаппен көшірудің нақты күніне қатысты ресми түсініктеме бермеген.

Материал авторы