Трамп енді Ұлыбританияға соғыс ашатынын айтып сес көрсетті
Ұлыбританиядағы цифрлық қызмет салығы Вашингтон мен Лондон арасындағы қарым-қатынасты қайта ушықтырды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Ұлыбританияға қарсы жаңа сауда шараларын қолдануы мүмкін екенін мәлімдеді. Бұл туралы Daily Mail басылымы жазды.
Трамп америкалық технологиялық компанияларға цифрлық салық енгізетін кез келген мемлекетке АҚШ-қа экспортталатын тауарларға 100 пайыздық тариф салынатынын айтты.
Оның сөзінше, мұндай баж салығы дереу күшіне еніп, бұрын жасалған сауда келісімдерін де алмастырады.
Бұл шешім Ұлыбритания үшін елеулі экономикалық қиындық туғызуы мүмкін. Себебі елде шетелдік әлеуметтік желілер мен іздеу жүйелеріне қатысты цифрлық қызмет салығы бар. Ол 2020 жылы енгізілген.
АҚШ президенті бұған дейін де Лондонды цифрлық салықтан бас тартпаса, жоғары тарифтермен жауап беретінін ескерткен.
Қазіргі таңда Вашингтон мен Лондон арасындағы қарым-қатынасқа экономикалық және саяси мәселелер қысым жасап отыр. Ұлыбритания билігі Трамптың соңғы мәлімдемесіне әзірге түсініктеме берген жоқ.
Материал авторы