1869

Жапонияда ресейлік азамат көпірлерді «металлоломға» өткізген

Күдікті бұған дейін де көлік ұрлау әрекеті бойынша полиция назарына іліккен.

Жапонияда ресейлік азамат көпірлерді «металлоломға» өткізген
SHOT

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Жапонияда полиция көпірлерден қола атау тақтайшаларын ұрлады деген күдікпен 52 жастағы ресейлік азамат Николай Роговты ұстады. Тергеу мәліметінше, ол көпір бөлшектерін металл сынығына өткізу схемасын ұйымдастырған топтың жетекшісі болуы мүмкін. Бұл туралы ресейлік SHOT басылымы жазды.

Тергеу нұсқасына сәйкес, Рогов Хоккайдо аралындағы Кусиро қаласында тұрған. Күдікті 2025 жылы Кумамото префектурасындағы көпірлердің бірінен «Фукуяма» деген атауы бар қола тақтайшаны ұрлауды ұйымдастырған болуы мүмкін.

Ұрланған тақтайшаның құны шамамен 14,7 мың рубльге (90 мың теңге) бағаланған. Полицияның мәліметінше, топ мүшелері ұрланған заттарды кейін металл қабылдау орындарына өткізген.

Жапонияда көпірлердегі мұндай тақтайшалар бағалы металдардан жасалатындықтан, оларды ұрлау фактілері бұған дейін де кездескен.

Құқық қорғау органдары ресейлік азаматтың бірнеше адам қатысқан ауқымды схеманың ұйымдастырушысы болғанын анықтауға тырысуда. Роговпен бірге екі жапониялық азамат ұсталған, олар өз кінәсін мойындаған.

Ал ресейлік күдікті өзіне тағылып отырған айыптар бойынша нақты қандай ұрлықтар туралы айтылып жатқанын түсінбейтінін мәлімдеген.

Бұл Роговтың заңмен алғашқы мәселесі емес. Бір жыл бұрын ол көлік эвакуаторы арқылы автокөлік ұрламақ болды деген күдікпен ұсталған. Сол кезде ер адам көлікті тегін алып кетуге болады деп ойлағанын айтқан. Алайда тергеу мәліметінше, оның мақсаты көлікті кейін сату болған.

Бұған дейін Таиланд астанасы Бангкокта да Ресей азаматы халықаралық қылмыстық топтың ақшасын заңдастыруға қатысы бар деген күдікпен ұсталған еді. Тергеу нұсқасы бойынша, Новосібір тумасы Александр 2015 жылдан бері Таиландта тұрып, Паттайя қаласында жергілікті тұрғынмен бірге Bella Chao барын иеленген. Құқық қорғаушылар бұл орын арқылы қылмыстық жолмен алынған қаражатты заңдастыру операциялары жүргізілуі мүмкін деп есептейді.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор