Жүйені алдауға тырысқан: DamuBala жүйесінде неліктен кідіріс болғаны айтылды

11.05.2023, 14:43
729
Жүйені алдауға тырысқан: DamuBala жүйесінде неліктен кідіріс болғаны айтылды smartnews.kz

10 мамыр күні сағат 18:00-де балаларды тегін секциялар мен үйірмелерге қабылдаудың екінші кезеңі іске қосылды, бірақ жүйе кідіріспен жұмыс істеді, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Бағдарлама операторының айтуынша, кідіріске кейбір провайдерлердің жүйені алдап, бір уақытта жүздеген баланы жазу әрекеті себеп болған.

"Жүйеге қайталанатын бір реттік сұраулардың саны секундына 600 мыңнан асатыны анықталды. Бұл сұраулар жасалған нақты IP мекенжайлар бар. Платформаның процесі баяулады, өйткені ол мұның барлығын ұйымдасқан шабуыл немесе боттың сұрауы ретінде қабылдап, соған сәйкес әрекет етті", – деп түсіндірді бағдарлама операторлары.

40 минуттық баяу жұмыстан кейін платформа сұрауларды тұрақты түрде өңдеуді жалғастырды. Нәтижесінде сағат 18:00-ден бастап 25 мыңнан астам бала кезекке тұрды.

DamuBala операторлары жүйе тұрақты жұмыс істейтінін, кезек тоқтаусыз қалыптасып отырғанын алға тартады. Ал бір уақытта бірнеше жүздеген баланы тіркеуге әрекет жасаған провайдерлер тексеріледі.

"Ата-аналарға мынаны ескерткіміз келеді: ЭСҚ мен парольді, сондай-ақ DamuBala-дағы жеке кабинетіңіздің паролін үшінші тұлғаларға бермеңіз. Құпия деректеріңізді, сіз үшін қол қою мүмкіндігін біреуге сеніп тапсыра отырып, өз басыңызды тәуекелге тігесіз, бөтен адам ЭСҚ арқылы сіздің атыңыздан несие рәсімдеп, мүлкіңізді өз атына жазып алуы мүмкін.  Бір IP мекенжайынан бір уақытта бірнеше сұрау салуға әрекеттенетін адамдар, сондай-ақ оларға пайдаланушы деректерін сеніп тапсыртаындар, ең алдымен, басқа балалар мен ата-аналарға зиян келтіреді", – делінген хабарламада.

Айта кетейік, бірінші кезең 3 мамырда өтті. Ол кезде 15 мың адам өтініш бере алды.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды