1153

Бибісара Асаубаева «Барыс» орденін қолына алды

Шахматшы марапатты әлеуметтік желідегі парақшасында көрсетіп, қуанышын бөлісті.

Бибісара Асаубаева «Барыс» орденін қолына алды
bibisarachess

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева II дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталды. Спортшы бұл туралы өзінің Telegram-арнасында хабарлап, марапатты көрсетті.

Асаубаева орденді көптен күткен марапаттарының бірі екенін атап өтті.

«Менде бұған дейін III дәрежелі орден бар еді, енді I дәрежесі ғана қалды. Сонда толық кавалер атанамын. Қараңыздаршы, қандай әдемі», – деді шахматшы.

II дәрежелі «Барыс» ордені Бибісара Асаубаеваға 2025 жылғы 30 желтоқсанда шахматтан блиц бойынша әлем чемпионатындағы жеңісі үшін Қазақстан президентінің жарлығымен берілген.

Бұған дейін 2024 жылғы қазан айында Республика күні қарсаңында спортшы III дәрежелі «Барыс» орденімен марапатталған болатын.

Бибісара Асаубаева – Қазақстандағы ең танымал шахматшылардың бірі. Оның халықаралық жарыстардағы нәтижелері үнемі жанкүйерлер мен спорт қауымдастығының назарында. Шахматшының жаңа марапаты оның Спорт және туризм министрлігімен болған соңғы қоғамдық пікірталастарынан кейін жарияланды. Бұған дейін Асаубаева мемлекет басшысына көмек сұрап, жалақысының азайғанын айтқан еді. Министрлік төлемдердің төмендегенін растап, бұл қаржыландыру ережелеріне байланысты екенін түсіндірген. 

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор