1570

Неймар мен Месси Венесуэладағы зілзаладан зардап шеккендерге миллиондаған көмек көрсетті

Футболшылар баспанасыз қалған адамдарға қажетті көмек көрсетуге қаражат бөлді.

Неймар мен Месси Венесуэладағы зілзаладан зардап шеккендерге миллиондаған көмек көрсетті
LAPRESSE

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, бразилиялық футболшы Неймар мен Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси Венесуэладағы жойқын жер сілкінісінен зардап шеккендерге қаржылай көмек жіберді.

Ақпаратқа сәйкес, Неймар Венесуэлаға гуманитарлық қолдау көрсету үшін 250 мың АҚШ долларын аударған. Қаражат зардап шеккен тұрғындарды азық-түлікпен, ауыз сумен, дәрі-дәрмекпен қамтамасыз етуге және уақытша баспана салуға жұмсалады.

Көмек көрсету бастамасына Лионель Мессидің отбасы да қосылды. Басылым мәліметінше, футболшының жеке қайырымдылығынан бөлек, оның жары Антонела Рокуццо көпшілікке арналған қаражат жинау науқанын ұйымдастырған.

Аталған науқан аясында шамамен 5,4 миллион доллар жиналған. Жиналған қаржы жер сілкінісінен зардап шеккендерге шұғыл көмек көрсетуге бағытталады.

Қаражат азық-түлік, таза ауыз су, медициналық қажеттіліктер және уақытша тұрғын үй мәселелерін шешуге жұмсалмақ.

Еске салайық, 24 маусым күні Венесуэлада магнитудасы 7,2 және 7,5 балдық екі ірі жер сілкінісі болған. Табиғи апат салдарынан ауқымды қирау орын алып, соңғы мәлімет бойынша 1,7 мыңнан астам адам қаза тауып, мыңдаған тұрғын жарақат алған және баспанасыз қалған.

Материал авторы

Азиз Қалижан
Азиз Қалижан Редактор