Смайылов Kazakhstan Machinery Fair 2023 машина жасау және металл өңдеу көрмесіне қатысты

11.05.2023, 17:28
933
Смайылов Kazakhstan Machinery Fair 2023 машина жасау және металл өңдеу көрмесіне қатысты inform.kz

ҚР Премьер-Министрі Әлихан Смайылов Астанада өтіп жатқан «Kazakhstan Machinery Fair 2023» III Халықаралық мамандандырылған көрмесінде отандық машина жасау өнімдерінің жаңа түрлерімен және саланың заманауи технологиялық шешімдерімен танысты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Үкімет басшысының назарына ауыл шаруашылығының, жүк және арнайы техникалардың, металл өңдеуге арналған станоктар мен құрылғылардың, дәнекерлеу жабдықтарының және ілеспе материалдардың, байланыс құралдарының, оптикалық аспаптардың соңғы үлгілері, сондай-ақ робототехниканың, өнеркәсіптік 3D басып шығарудың, өндірісті автоматтандырудың, инжинирингтің элементтері ұсынылды. Биылғы көрмеге 200-ге жуық отандық және шетелдік компания қатысуда.

Сонымен қатар Әлихан Смайыловқа Қазақстанда Hyundai Staria үлгісінде шығарылған медициналық жедел жәрдем көлігі таныстырылды. Ол қуатты қозғалтқышпен және әлемдегі жетекші өндірушілердің заманауи жабдықтарымен қамтылған. Салоны кең болғанымен, көлік халық тығыз орналасқан аудандар мен тар аулаларда еркін қозғала алады.

Көрмеге «Қостанай трактор зауыты» ЖШС Кировец К-742 тракторы, Lovol және Deutz Fahr тракторлары, сондай-ақ «Агромашхолдинг KZ» АҚ Essil комбайндары, «СемАЗ» ЖШС Jinma тракторы және басқа да ауыл шаруашылығы техникасының әртүрлі үлгілері қойылды.

Премьер-Министр отандық машина жасау саласын одан әрі дамыту үшін Үкімет тиісті қолдау шараларын жалғастыратынын баса айтты. Атап айтқанда, жаңа технопарктер құруға, қаржыландырудың қолжетімділігін кеңейтуге, жергілікті қамтуды арттыруды ынталандыруға және кооперациялық байланыстарды нығайтуға, кәсіпкерлікті қолдаудың басқа да қажетті шараларын қабылдауға басымдық берілетін болады.

Ақтауда асаба мен әйелінің интим видеосын таратқан күдікті ұсталды Тоқаев Мұхтар Шахановтың қазасына байланысты көңіл айтты Маңғыстауда нөсердің салдарынан жаппай жылқылар қырылды (ВИДЕО) Цирктегі жолбарыс көрермендерге қарай секіріп кетті (ВИДЕО) «Сенің даналығың жетіспейді»: Әнші Леонид Агутин досы Батырхан Шүкеновтің бейітіне барды 200 шақырымға жүгіру: қарағандылық сержант ультрамарафонда Қарулы күштердің жаңа рекордын орнатты Семейде мысығын кір жуғыш машинаға салып өлтірген қыз жазаланды Құрманғазыда киіктер қырылып, 800-ден астам өлексe табылды Өскеменде түнгі апаттан соң үш адам ауруханаға түсті Күміс жас күйбеңі: Белсенді өмір орталықтары шағым-жанжал ошағына айналған ба? 20 сәуірдегі валюта бағамы: қай қалада доллар қымбат 14 өңірге қауіп: Бүгін тұман, дауыл және үсік қатар келеді Қазақ поэзиясының өткір үні Мұхтар Шаханов қайтыс болды «Тұрсынды қимай жүр»: Алагөзовтің бұрынғы әйелі қымбат сөмкелерін көрсетті Театр актері мен оның жұбайы бір-бірін пышақтап өлтірді Өтекешева Алагөзовадағы қамзолдың түпнұсқа екенін растады Трамп: «Израиль — АҚШ-тың ең мықты досы» «Пышақпен қорқытады»: Маңғыстаудағы балабақшада жанжал өршіді Қасиетті дініміз Еуропаның төріне шықты: Германияда тұрақты азан айтыла бастады Орынборда полицейлерге оқ атқан күдікті ұсталды