706

Миланның орталығында жарылыс болды

Италияның Милан қаласының орталығында жарылыс болды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Миланның орталығында жарылыс болды
Twitter/Maks_NAFO_FELLA

Италиялық Sky Tg24 телеарнасының мәлімдеуінше, өрт тоқтап тұрған бірнеше көлікті шарпыған.

Оқиға орнында өрт сөндірушілер жұмыс істеп жатыр, жақын маңдағы тұрғындар эвакуацияланды.

Эвакуация жақын жерде орналасқан мектепте де жүргізілді.

Өрттің шығу себебі әлі белгісіз.