1509

Трамптың даулы бастамасы өтпеді: АҚШ-та туғандарға азаматтық беру жалғасады

Жоғарғы сот шешімі Конституциядағы туу арқылы азаматтық алу нормасын сақтап қалды.

Трамптың даулы бастамасы өтпеді: АҚШ-та туғандарға азаматтық беру жалғасады
AP Foto/Jose Luis Magana

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Жоғарғы соты президент Дональд Трамптың ел аумағында дүниеге келген балаларға автоматты түрде азаматтық беруді тоқтатуға бағытталған жарлығын заңсыз деп тапты. Бұл туралы NBC News басылымы жазды.

Сот шешімі бойынша, Трамптың екінші президенттік мерзімінің алғашқы күнінде қол қойған құжаты күшін жойған жоқ, бірақ оның орындалуына тосқауыл қойылды. Осылайша АҚШ Конституциясындағы туу арқылы азаматтық алу құқығын бекітетін норма өз күшінде қалды.

Сот шешімін Дональд Трамп қатаң сынға алды. Ол бұл үкім АҚШ мүддесіне зиян келтіреді деп мәлімдеді. Президент енді Конгрестегі республикашылдарды қолданыстағы тәртіпті өзгертуге мүмкіндік беретін федералдық заң әзірлеуге шақырды.

Бұл бастаманы Республикалық партия өкілдерінің бір бөлігі қолдады. АҚШ Өкілдер палатасының спикері Майк Джонсон қазіргі жүйе кей жағдайда теріс пайдаланылып жатқанын айтты.

Оның пікірінше, кейбір шетел азаматтары баласының кейін АҚШ азаматтығын алу мүмкіндігін пайдалану үшін әдейі елге барып, босануды жоспарлайды. Бұл тәжірибе АҚШ-та «туу туризмі» деп аталады.

АҚШ-та туу арқылы азаматтық алу құқығы Конституцияның 14-түзетуінде бекітілген. Бұл норма бойынша ел аумағында туған кез келген адам ата-анасының азаматтығына қарамастан АҚШ азаматы болып саналады.

Аталған ереже әртүрлі елдердің азаматтары пайдаланатын «босану туризмі» тәжірибесіне де қатысты. Оның ішінде АҚШ-та баласының азаматтық алуын көздейтін кейбір Қазақстан азаматтары да бар.

Қазіргі таңда Жоғарғы соттың шешімі нәтижесінде туу арқылы азаматтық алу тәртібі өзгеріссіз сақталып отыр.

Материал авторы