796

Алматыда биыл 50-ден астам подстанция модернизациядан өтеді

Алматыда жаңа подстанциялар салынып, электр желілері мен трансформаторлық подстанциялар модернизациядан өтеді.

Алматыда биыл 50-ден астам подстанция модернизациядан өтеді
smartnews.kz

Бұл туралы Алматы әкімі Ерболат Досаев Наурызбай ауданының тұрғындарымен кездесу кезінде айтты, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы әкімінің айтуынша, биыл электр желілерін модернизациялау шеңберінде Шұғыла, Ақжар, Таусамалы, Құрамыс, Рахат, Қарағайлы және Қалқаман шағын аудандарында 56 трансформаторлық подстанция модернизацияланады.

«Оның ішінде 21 жаңасы орнатылады, сондай-ақ, 114,5 шақырым электр желісі мен 35 трансформаторлық подстанция модернизациядан өтеді. Бұл шаралар электрмен тұрақты қамтамасыз етуге және авариялық жағдайларды азайтуға мүмкіндік береді. Жұмыстар мамыр айының соңында басталып, жылдың соңында аяқталады», - деді Ерболат Досаев.