«Бұл – Американың алтын ғасырының бастамасы»: Трамп жаңа мәлімдеме жасады
Трамп Иран мәселесі мен мұнай бағасына қатысты мәлімдеме жасады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ президенті Дональд Трамп Иранға қатысты ахуалдың толық бақылауда екенін айтып, мұнай бағасының төмендеп жатқанын мәлімдеді. Бұл туралы FOX 9 телеарнасы жазды.
Солтүстік Дакота штатында орналасқан Теодор Рузвельттің президенттік кітапханасының ашылу рәсімінде сөз сөйлеген Трамп АҚШ-тың жағдайды толық бақылауда ұстап отырғанын жеткізді.
«Барлығы толық бақылауда. Біз бәрін толық бақылап отырмыз. Бұл – Американың алтын ғасырының бастамасы ғана», – деді АҚШ президенті.
Сондай-ақ Дональд Трамп мұнай бағасының төмендеп жатқанын атап өтіп, бұл үрдістің жалғаса бергенін қалайтынын айтты.
«Мұнай бағасы төмендеп жатыр. Мұнда керемет мұнайшылар отыр. Олардың бұған қуанатынын не ренжитінін білмеймін. Шынын айтсам, олардың көңіл күйі мені қызықтырмайды. Мен мұнай бағасының төмендегенін қалаймын. Қазір мұнай ешкім күтпеген деңгейде арзандап жатыр. Мен мұның дәл осылай болатынын бұрыннан айтқанмын», – деді ол.
Трамп бұл мәлімдемелерін Иран төңірегіндегі жағдайға қатысты пікір білдіру кезінде жасады. Алайда ол Иранға байланысты «толық бақылау» туралы сөзінің нақты нені меңзейтінін тарқатып айтқан жоқ.
Материал авторы