Алматы облысында алғаш рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды

12.05.2023, 09:06
719
Алматы облысында алғаш рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды smartnews.kz

Алматы облысында алғашқы рет құлағы естімейтін науқасқа ота жасалды, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасында кохлеарлық имплантация бойынша жоғары технологиялық ота жасалды. Мұндай хирургиялық оталар екі құлағы да саңырау немесе 4-дәрежелі есту қабілетін жоғалтқан адамдарға жасалады.

«Кохлеарлық имплантация» әдісі бойынша есту жүйкесінің талшықтарын тікелей электрлік ынталандыру арқылы ішкі құлаққа электродтық жүйелерді енгізеді.

Кохлеарлық имплантация еліміздің бірнеше клиникаларында ғана жүзеге асырылады. Бүгінгі күні, Алматы көпсалалы клиникалық ауруханасының дәрігерлері медицина ғылымдарының докторы, профессор, «Оториноларингология Ұлттық медициналық зерттеу орталығы» ФМБУ директорының халықаралық қызмет жөніндегі орынбасары Диаб Хассанның қатысуымен ота жасап, тәжірибемен алмасты.

«Мастер-класс аясында 8 ота жасалды. Олардың арасында кохлеарлық имплантация, эндолимфа қапшығын дренаждау, тимпанопластика және оссикулопластикамен санитарлық операциялар болды. Бұл ересек адамдар болғандықтан, көпшілігінде қосалқы аурулар бар, сондықтан дәрігерлер алдымен толық диагностикадан өткен науқастарға жоспарлы түрде ота жасауды жөн көрді. Енді кезекте, облыс тұрғындары көпсалалы аурухана қабырғасында есту қабілетін қалпына келтіруге толық мүмкіндіктері бар», - деді профессор Диаб Хассан.

«Алматы облысы бойынша диспансерлік есепте құлақ аурулары бар, оның ішінде есту қабілетінен айырылған 1000-нан астам науқас тіркеуде тұр. Оториноларингологиялық көмек көрсетуді арттыру қажеттілігін ескере отырып, біз Алматы облысында алғаш рет кохлеарлық имплантация бойынша ота жасадық. Бұрын біздің науқастарда мұндай мүмкіндік болмаған еді, облыс тұрғындары үлкен қалалардағы клиникаларға баруға мәжбүр болған.»Кохлеарлық имплантация науқастың есту қабілетін 100% қалпына келтіруге мүмкіндік береді. Бірақ бұл дыбыс әлеміне қайтудың тек алғашқы қадамы, содан кейін есту-сөйлеуді қалпына келтіру керек. Біздің мақсатымыз-Алматы облысының тұрғындарымен қатар өзге де аймақ тұрғындарының есту қабілетін қалпына келтіруге көмектесу«, - дейді бөлімшесінің меңгерушісі Әсел Асқарқызы.

«Екінші рет алып жатырмыз»: Мақпал Жүнісова қызы Мерейдің туған күніне ерекше сыйлық жасады Семейде 12 жастағы баланы бір топ жасөспірім соққыға жықты Әлихан Әскербай Астанада ауыр атлетикадан Азия чемпионы атанды 2 миллиард теңге жымқырған: Риддер қаласының бұрынғы әкімі сотталды Ақмола облысында су құбыры желілерін тарту үшін заңсыз жолмен алынған активтерден 21,5 млрд теңге бағытталды Бүгін әйелдер футболынан Қазақстан чемпионатының он екінші турының матчтары өтеді Алматы облысында полицейлердің арнайы операциясы нәтижесінде жасырын есірткі зертханасы әшкере болды Техастағы су тасқынынан қаза тапқандар саны 78-ге жетті, оның ішінде 28 бала бар Астана күніне арналған мерекелік бағдарлама аясында елордада ерекше отшашу өтті Жартаста қалып қойған: Құтқарушылар Шымбұлақ маңынан үш жасөспірімді тауып алды Екібастұзда жасөспірім суға батып кетті Ердоған Әзербайжан мен Ресей арасындағы шиеленіске пікір білдірді Мейірхан Шерниязов түрмеден неге ерте шыққанын түсіндірді (ВИДЕО) «Жалғыз күресіп, қиналып кеттім»: Қымбат Досжан Жәнібекке қатысты қуанышты хабарды жеткізді Алматы әуежайында балаға әйнек сынығы түсіп, жарақат алды Қарағандыда көлік отқа оранып, жеті адам қаза болды (ВИДЕО) «Жиіркенішті»: Көкшетауда ер адам далада тыр жалаңаш шешініп, қыздарды шошытты (ВИДЕО) Назарбаевтың келінінің туған күнінде ресейлік әнші Алсу әндетті Берденовке оқ атты деген Ернар Жиембайдың анасы алғаш рет мәлімдеме жасады (ВИДЕО) Атлант пен Астананың арасы жақындады: Бразилия мен Қазақстанның сыртқы істер министрлері кездесті