1927

Роналду тұрған қонақүйге мыңдаған жанкүйер жиналды

Әлем чемпионатынан кейін Роналду жанкүйерлерімен ерекше кездесті.

Роналду тұрған қонақүйге мыңдаған жанкүйер жиналды
бейнежазбадан

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Португалия құрамасының капитаны әрі шабуылшысы Криштиану Роналду Торонтодағы қонақүйінің алдында жиналған мыңдаған жанкүйерді қарсы алып, сол сәттің видеосын әлеуметтік желіде жариялады.

Бейнежазбада Роналду қонақүйдің балконына шығып, төменде тұрған жанкүйерлерге қол бұлғап, олармен амандасады. Футболшының ишарасына жиналған көпшілік зор қошеметпен жауап берген.

Жарияланымға Роналду «Toronto» деген қысқа жазба мен қызыл жүрек белгісін ғана қалдырған.

Еске салайық, бұған дейін Португалия 2026 жылғы әлем чемпионатының 1/16 финалында Хорватия құрамасын 2:1 есебімен жеңген еді. Криштиану Роналду кездесудің 68-минутында пенальтиден гол соқты.

Португалия құрамасы енді турнирдің 1/8 финалында Испания құрамасымен кездеседі. Матч 6 шілде күні өтеді.

Материал авторы