997

Астанада Малайзия университетіне түсуге арналған тегін брифинг өтеді

Малайзия университетінің негізін қалаушы Астанада талапкерлермен жеке кездеседі.

Астанада Малайзия университетіне түсуге арналған тегін брифинг өтеді
SMARTNEWS.KZ коллажы

Елорда тұрғындары Малайзиядағы жетекші жекеменшік жоғары оқу орындарының бірі – Quest International University (QIU) университетінің басшысымен тікелей жүздесуге мүмкіндік алады. 5 шілде күні Астанада QIU университетінде білім алуға арналған Pre-Departure QIU Briefing ашық білім беру брифингі өтеді.

Іс-шара Wyndham Garden Hotel қонақүйінде 14:00-17:00 аралығында ұйымдастырылады. Қатысу тегін, алдын ала тіркелу қажет.

Брифингтің басты спикері – Қазақстанға арнайы келетін Quest International University университетінің негізін қалаушы Николас Го (Mr. Nicholas Goh). Ол университетте білім алу мүмкіндіктері, халықаралық дипломның артықшылықтары, түлектердің мансаптық перспективалары туралы айтып, талапкерлер мен олардың ата-аналарының сұрақтарына тікелей жауап береді.

Кездесудің негізгі тақырыптарының бірі – Foundation бағдарламасына 100% грант алу мүмкіндігі. Бұл – университетке түсуге жол ашатын дайындық бағдарламасы. Әсіресе IELTS емтиханын тапсырып үлгермеген, шетелдік жоғары оқу орындарының құжат қабылдау мерзімінен кеш қалған немесе енді ғана шетелде білім алу туралы шешім қабылдаған талапкерлер үшін тиімді мүмкіндік.

Сонымен қатар, Quest Representative пен Quest International University арасындағы эксклюзивті серіктестіктің арқасында Қазақстан, Орталық Азия және Ресей студенттері университетке арнайы шарттармен түсе алады. Ресми өкіл арқылы оқуға түсетін талапкерлерге бакалавриат және магистратура бағдарламалары бойынша 50% кепілдендірілген жеңілдік ұсынылады. Ал жоғары академиялық көрсеткішке ие талапкерлер университеттің қосымша гранттарына үміткер бола алады.

Quest Representative пен Quest International University арасындағы серіктестік 2026 жылдың наурыз айында ресми түрде бекітілді. Бүгінде Quest Representative университеттің Қазақстандағы эксклюзивті өкілі болып табылады. Осы ынтымақтастықтың нәтижесінде 100-ден астам студент Quest International University университетін таңдаған.

Брифинг барысында қатысушылар бакалавриат пен магистратура бағдарламалары, қабылдау талаптары, гранттар мен шәкіртақылар, Малайзиядағы студенттік өмір, тұру жағдайы және шетелдік студенттердің бейімделуі туралы толық ақпарат алады. Ресми бөлімнен кейін қонақтарға жеке кеңес алу және университет өкілдерімен бейресми жағдайда пікір алмасу мүмкіндігі беріледі.

Ұйымдастырушылар шараға мектеп оқушыларын, мектеп және колледж түлектерін, жоғары оқу орындарының студенттері мен түлектерін, ата-аналарды және шетелде сапалы білім алуға қызығушылық танытқан барлық азаматтарды шақырады.