1552

Сыннан кейін Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуге кірісті

Үш дүркін әлем чемпионы қазақ тілін меңгеру барысын әлеуметтік желіде бөлісетінін айтты.

Сыннан кейін Бибісара Асаубаева қазақ тілін үйренуге кірісті
instagram.com/bibisarachess

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматтан үш дүркін әлем чемпионы Бибісара Асаубаева жанкүйерлердің сынынан кейін қазақ тілін үйренуге кіріскенін мәлімдеді.

22 жастағы спортшы бұл жаңалығын өзінің Telegram-арнасында бөлісті. Сонымен қатар алғашқы сабақтарының бірінен қысқа бейнежазба жариялап, мемлекеттік тілді меңгеру жолындағы алғашқы қадамдарын көрсеткен.

«Қатты сынамаңыздар. Мұнда өзімнің дамуым мен жетістігімді көрсетіп отырамын», – деп жазды Асаубаева.

Жанкүйерлер шахматшының бұл бастамасын қолдап, әлеуметтік желілерде оған сәттілік тілеген.

Еске салайық, бұған дейін Бибісара Асаубаева кейбір сұхбаттарын тек орыс тілінде бергені үшін қоғам тарапынан сынға қалған болатын. Кейін ол қазақ тілін үйренуге уәде берген еді.

Материал авторы