Қырғызстанда әйелдерді өлтіргендер өмір бойына қамалуы мүмкін
Жаңа заң жобасы әйелдерді өлтірудің бірнеше түрін жеке қылмыс ретінде қарастыруды көздейді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қырғызстанда әйелдерді гендерлік себеппен өлтіргені үшін қылмыстық жауапкершілікті күшейту ұсынылды. Елде «фемицид» ұғымын Қылмыстық кодекске енгізіп, мұндай қылмыс жасағандарға өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын белгілеу көзделіп отыр.
Тиісті заң жобасы қоғамдық талқылауға шығарылған.
Құжатқа сәйкес, Қырғыз Республикасының Қылмыстық кодексіне «Әйелді өлтіру (фемицид)» атты жаңа бап енгізу ұсынылады. Ол мынадай төрт санаттағы қылмыстарды қамтиды:
гендерлік кемсітушілік себептерімен әйелді өлтіру;
жүкті әйелді өлтіру;
зорлау немесе жыныстық сипаттағы өзге де зорлық-зомбылықпен ұштасқан кісі өлтіру;
әйелді өзіне қол жұмсауға итермелеу немесе соған жеткізу салдарынан оның қаза табуы.
Аталған аса ауыр қылмыстар үшін мүлкін міндетті түрде тәркілей отырып, өмір бойына бас бостандығынан айыру жазасын қолдану ұсынылған.
Сонымен қатар, бұл бап бойынша сотталғандарға рақымшылық қолданылмайды.
Материал авторы