Бибісара Асаубаева Қазақстанның Әнұранын орындап, жұртты тәнті етті
Бибісара Асаубаева оқырмандарынан өзінің орындауына әділ баға беруді сұрады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, шахматшы Бибісара Асаубаева әлеуметтік желідегі оқырмандарына өзінің жаңа хоббиін көрсетті.
Спортшы Instagram парақшасында жариялаған видеода Қазақстан Республикасының Мемлекеттік Әнұранын фортепианода орындады.
Жазба астында Бибісара бұл өнермен жақында ғана айналыса бастағанын айтты.
– Тағы бір жаңа хобби пайда болды. Мінсіз шықпаған шығар, бірақ барымды салып жүрмін. Бұл небәрі 5–6 сабақтан кейінгі нәтижем. Әуенді кім таныды? Пікірге жазыңыздар, – деп жазды шахматшы.
Кейінірек спортшы стористе оқырмандарынан өзінің орындауына баға беруді сұрады.
– Еңбегімді бағалаңыздаршы. Сеніңіздер, оған көп күш жұмсадым. Әуенді танығандар дұрыс жауапты пікірлерден көре алады, – деді Бибісара Асаубаева.
Жарияланған видео әлеуметтік желі қолданушыларының назарын аударып, олар шахматшының жаңа қырын жоғары бағалады.
Материал авторы