Алматы метросында төбелескен екі жолаушыға ірі көлемде айыппұл салынды
Екі жолаушы арасындағы жанжал пойыз қозғалысы кезінде басталып, метро платформасында төбелеске ұласқан.
Алматы метросында пойыз вагонында басталған жанжал станса платформасында төбелеске ұласты. Оқиғаға қатысқан екі ер адам әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Оқиға метро пойызы қозғалып келе жатқан кезде басталған. Екі жолаушы арасында туындаған жанжал кейін стансалардың бірінің платформасында жалғасқан.
Полиция қызметкерлері араласып, төбелеске қатысқан екі азаматты да ұстады. Кейін жиналған материалдар соттың қарауына жолданды.
Алматы қалалық полициясының мәліметінше, сот шешімімен екі азамат та ұсақ бұзақылық жасағаны үшін әкімшілік жауапкершілікке тартылды.
Әрқайсына 20 айлық есептік көрсеткіш (АЕК) көлемінде айыппұл салынды.
Материал авторы