Artsport бағдарламасы жасөспірімдер қылмысын төмендетуге ықпал етті - Аружан Саин

12.05.2023, 17:09
642
Artsport бағдарламасы жасөспірімдер қылмысын төмендетуге ықпал етті - Аружан Саин smartnews.kz

Artsport бағдарламасы іске қосылған кезден бастап жасөспірімдер мен балалар қылмысы төмендей бастады. Бұл туралы еліміздегі бала құқықтары жөніндегі уәкіл Аружан Саин мәлім етті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

«Егер 2018 жылы жасөспірімдер мен балалар жасаған үш мыңға жуық қылмыс тіркелсе, 2021 жылы Artsport реформасы басталған кезден қылмыс саны екі есеге азайды. Бұл өз кезегінде осыған дейін үйірме ақысын төлей алмай келген отбасылардың балалары спортпен және шығармашылықпен айналысуға бет бұрғанын, сол үйірмелерде достары мен тәлімгерлерді, жаттықтырушылар мен мұғалімдерді тапқанын байқатып отыр. Яғни, олар көшеде, интернетте көретін түрлі деструктивті процестерден алыстай бастады. Олар өздерін дамытатын бағыттарды таңдап, шын мәнінде оңтайлы көрсеткіштер бірден көрінді», - деді А. Саин еліміздегі жасөспірімдер мәселесі бойынша онлайн режимде өткен жиында.

Оның айтуынша, бұл бағдарлама аясындағы жұмыстар біршама тежеліп, қаржыландыру саласындағы мәселелер болған кезде, балалар арасында қылмыстар саны қайтадан өскен.

«Секциялар мен үйірмелердің біразы жабылды, өйткені тиісті қызметтер үшін төлем тоқтап қалды. Осының салдарынан балалар жасаған қылмыстардың көбейгенін бірден байқадық», - деді Аружан Саин.

Шавкат Рахмоновтың бұрынғы жары бесінші рет ана атанды Баян Алагөзова өзін «Баян-шаян» деп келемеждеген емшіні сотқа бермек «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім» деген ресейлік әйел қамауға алынды Тұрсынбек Қабатовтың екінші әйелі неге әлеуметтік желіден жоғалып кеткенін ашып айтты «Баспен құлады»: Ақмола облысында 61 жастағы ер адам биіктіктен құлап көз жұмды Боралдайда 70 мың теңге үшін 26 жастағы жігіт қаза тапты Қазақстан мұражайлары мұражай күніне орай TikTok-тың халықаралық бастамасына қосылады «Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды