Тоқаев бірнеше елдегі Қазақстан елшілерін ауыстырды
Президент бірнеше мемлекетке Қазақстанның жаңа Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындады.
Президент Қасым-Жомарт Тоқаев дипломатиялық корпуста бірқатар кадрлық өзгерістер жасап, бірнеше мемлекетке Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшілерін тағайындаған Мемлекет басшысы тиісті жарлықтарға қол қойған.
Президент жарлығымен:
-
Абылқайыр Бақтыбайұлы Сқақов Қазақстанның Қырғыз Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды;
-
Бақыт Данабекұлы Батыршаев Қазақстанның Катар мемлекетіндегі Төтенше және Өкілетті елшісі қызметіне тағайындалды;
-
Анель Бақытбекқызы Қазақстанның Венгриядағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып бекітілді;
-
Болат Барийұлы Иманбаев Қазақстанның Сербия Республикасындағы Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалып, Армениядағы елші қызметінен босатылды;
-
Қазақстанның Үндістандағы Төтенше және Өкілетті елшісі Азамат Несіпбайұлы Есқараев қоса атқару тәртібімен Бангладеш Халық Республикасындағы, Бутан Корольдігіндегі, Мальдив Республикасындағы және Непалдағы Қазақстанның Төтенше және Өкілетті елшісі болып тағайындалды.
Сонымен қатар Мемлекет басшысының жарлықтарымен:
-
Рапиль Сейтханұлы Жошыбаев Қырғыз Республикасындағы елші қызметінен;
-
Арман Қайратұлы Исагалиев Катар мемлекетіндегі елші қызметінен;
-
Абзал Сапарбекұлы Венгриядағы елші қызметінен;
-
Мәди Бәкірұлы Атамқұлов Сербия Республикасындағы елші қызметінен босатылды.
Материал авторы