Маңғыстауда жантүршігерлік атыстан екі жігіт жараланды
Тергеу бірнеше бап бойынша жүргізіліп жатыр.
Маңғыстау облысының Түпқараған ауданындағы Ақшұқыр ауылында болған атыстан кейін екі жас ауруханаға жеткізілді. Оқиғаға қатысты төрт күдікті ұсталып, бірнеше қылмыстық іс қозғалды.
Басылымның мәліметінше, оқиға 9 шілде күні таңертең болған. Әлеуметтік желілерде оқиға орнынан және зардап шеккендердің фотосуреттері тарады.
Маңғыстау облыстық полиция департаментінің хабарлауынша, сол күні ауруханаға оқ жарақатын алған екі жас жігіт жеткізілген.
Аталған дерек бойынша:
адам өлтіруге оқталу;
бұзақылық;
суық қаруды заңсыз алып жүру және өткізу баптары бойынша қылмыстық істер тіркелді.
Полиция қызметкерлері жедел-іздестіру шаралары барысында жанжалға қатысушылардың жеке басын анықтап, оларды ұстаған.
«Алдын ала анықталған мәліметтерге сәйкес, жанжалға қатысқан тұлғалар ұсталды. Қазіргі уақытта төрт күдікті уақытша ұстау изоляторына қамалды. Оқиға салдарынан қаза тапқандар жоқ», – деп мәлімдеді полиция.
Қазір болған оқиғаның барлық мән-жайын жан-жақты әрі объективті анықтауға бағытталған тергеу амалдары жалғасып жатыр.
Материал авторы