Балқаш қаласында самокат теуіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті

12.05.2023, 18:20
615
Балқаш қаласында самокат теуіп бара жатқан баланы көлік қағып кетті smartnews.kz

7 мамырда Желтоқсан көшесіндегі жаяу жүргіншілер жолынан самокатпен өтіп бара жатқан 8 жастағы баланы Toyota RAV4 маркалы көлігі қағып кетті. Бұл туралы smartnews.kz сайты тілшісі Еkaraganda.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.

Зардап шеккен баланы жедел жәрдем қызметі Балқаш қалалық ауруханасына жеткізді. Ол бірден реанимация бөліміне жатқызылып, ота жасалған. Бала бас-сүйек жарақатын алған, іш қуысы зақымданған.

«8 мамырда ота жасалды. Қазір бала реанимация бөлімінен хирургиялық бөлімге ауыстырылды. Емдеу жалғасуда. Баланың жағдайы тұрақты. Әрі қарай медициналық тексерулер, компьютерлік томография жүргізіледі. Сонымен қатар, нейрохирургтердің консультациясы қажет», - деп мәлім етті Балқаш қалалық Орталық ауруханасының травматология бөлімінің меңгерушісі Мақсат Нұртазин.

Көлік тізгінінде 63 жастағы Балқаш қаласының тұрғыны болған. Аталған оқиға бойынша Қарағанды облысының полиция департаменті тергеп-тексеру жұмыстарын жүргізіп жатыр. Тиісті сараптамалар тағайындалған.

«Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды Доллар, еуро, рубль: 14 мамырдағы айырбас бағамы қандай Шаңды дауыл, үсік пен найзағай: елде ауа райы күрт бұзылады