Кентаудағы саябақта кішкентай қызды жылқы қағып кетті

12.05.2023, 19:03
863
Кентаудағы саябақта кішкентай қызды жылқы қағып кетті tengrinews.kz

Кентаудағы саябақта кішкентай қызды жылқы қағып кетті, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Оқиға 9 мамыр күні болған. Жүргіншілер жолында қатты жылдамдықпен жүрген жылқы мінген адам кішкентай қызды қағып кеткен. Көпшілік серуеннен қайтып келе жатқан отбасы мүшелері артынан келген жылқыдан қашып үлгермеген. Аталған оқиғаның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарап кетті.

Ал, Түркістан облысы полиция департаментінің баспасөз қызметі аталған жағдайға байланысты тексеру амалдары жүргізіліп жатқанын жеткізді.

«Кентау қаласы полиция бөліміне орталық ауруханадан хабарлама келіп түсті. Онда саябақта ата-анасымен кетіп бара жатқан кішкентай қызды, жылқысын игере алмай қалған тұрғын соғып, құлатып кеткені көрсетілген. Аталған жайт Кентау қалалық полиция бөліміне тіркелді. Алайда әкесі кішкентай қызының дене жарақатын алмағанына байланысты арыз жазудан бас тартқан. Қазіргі таңда тексеру амалдары жүргізілуде» - делінген ақпаратта.

«Көршілерім құтқарып қалды»: Алматылық әйел өзіне фельдшер тиіспек болғанын мәлімдеді Астанада білім мен ғылымдағы коучингтің рөлі талқыланды Қытайдан көлік алған қазақтардың шоттары жаппай бұғатталып жатыр Қазақстан армиясы жаңа соғыс форматына бейімделіп жатыр «Миллион теңге де жетпейді»: Бақытжан Базарбек депутаттардың айлығы неге жетпейтінін түсіндірді Трамп Си Цзиньпинді «Голливуд фильмдеріне лайық образ» деп атады Шетел азаматтығын жасырған отбасы Қазақстаннан қуылды «Человек в маске» ауыр дертке шалдыққан жігіттің өмірін бір күнде өзгертті (ВИДЕО) Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді