«Адам сияқты сөйлес»: Месси португалиялық төрешімен сөзге келіп қалды
Месси төрешінің шешіміне байланысты эмоциясын жасырмай, алаңдағы жағдайға араласты.
Аргентина құрамасының капитаны Лионель Месси 2026 жылғы әлем чемпионатының ширек финалында Швейцарияға қарсы өткен матч кезінде бас төреші Жоау Пиньейрумен сөзге келді.
Оқиға кездесудің бірінші таймында болды. Португалиялық төреші бастаған арбитрлер тобы қызмет көрсеткен матчта Месси даулы эпизодтардың бірінен кейін бас төрешіге жақындап, өзіне деген қарым-қатынасқа қатысты пікір білдірді.
«Менімен қалыпты сөйлес. Менімен құрметпен сөйлес. Мен сенімен қалай дұрыс сөйлессем, сен де менімен солай сөйлес», – деген Мессидің сөздерін TyC Sports келтірді.
Матч барысында бұл жағдай көпшіліктің назарын аударғанымен, ойын соңында Аргентина құрамасы жеңіске жетті. Қолданыстағы әлем чемпиондары Швейцарияны жеңіп, турнирдің жартылай финалына жолдама алды.
Аргентина құрамасы келесі кезеңде Англиямен кездеседі. Матч Қазақстан уақытымен 15 шілдеден 16 шілдеге қараған түні өтеді.
Материал авторы