1313

Қазақстанның 12 боксшысы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты

Жартылай финалда 15 қазақстандықтың 12-сі жеңіске жетіп, алтын жүлдеге бір қадам жақындады.

Қазақстанның 12 боксшысы жастар арасындағы Азия чемпионатының финалына шықты
Есмырза Зейнолла

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Индонезияның астанасы Джакартада өтіп жатқан 23 жасқа дейінгі жастар арасындағы бокстан Азия чемпионатында Қазақстан құрамасы сәтті өнер көрсетіп жатыр. Жартылай финалдық кездесулердің қорытындысы бойынша ел құрамасының 12 өкілі алтын жүлде үшін таласу құқығына ие болды.

Кезекті жарыс күнінде шаршы алаңға Қазақстан құрамасының 15 боксшысы шықты. Олардың 12-сі қарсыластарын жеңіп, финалға жолдама алды.

Финалға шыққан қазақстандық боксшылар:

Қыздар:

48 келіге дейін – Гүлназ Бөрібаева;

51 келіге дейін – Анита Адишева;

57 келіге дейін – Ұлжан Сәрсенбек;

70 келіге дейін – Азиза Исина;

75 келіге дейін – Шұғыла Нәлібай.

Жігіттер:

55 келіге дейін – Бексұлтан Боранбек;

60 келіге дейін – Нұрасыл Төлебек;

70 келіге дейін – Нұрбек Мұрсал;

75 келіге дейін – Аман Қонысбек;

80 келіге дейін – Өнер Сейілхан;

85 келіге дейін – Темірлан Мұқатаев;

90 келіге дейін – Ибрагим Бетаев.

Ал Панар Сейітханқызы (80 келіден жоғары), Аяжан Ермек (60 келіге дейін) және Аслан Елдібайұлы (90 келіден жоғары) жартылай финалда жеңіліп, жарысты қола медальмен аяқтады.

Айта кетейік, Джакартада осы күндері 19 жасқа дейінгі спортшылар арасында бокстан жасөспірімдер Азия чемпионаты да өтіп жатыр. Бұл турнирдің жартылай финалдық жекпе-жектері 13 шілдеде өтеді. 

Материал авторы