Ақтауда арнайы жасақ тұрғындардың көз алдында күдіктіні ұстады
Арнайы операцияның видеосы әлеуметтік желіде кеңінен тарады.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда құқық қорғау органдарының арнайы операциясы тұрғындардың көз алдында өтті. Оқиға қаланың 16-шағынауданында болған. Бұл туралы Lada.kz сайты жазды.
Әлеуметтік желілерде тараған видеода арнайы жасақ қызметкерлерінің жас жігітті ұстау сәті түсірілген. Оқиғаға куә болған ондаған тұрғын арнайы операцияны сырттай бақылаған.
Желі қолданушыларының пікірі екіге жарылды. Бірі есірткі қылмысына қарсы күресте құқық қорғау органдарының әрекетін қолдаса, енді бірі ұстау операциясына тым көп күштік құрылым қызметкерінің жұмылдырылғанына назар аударды.
Маңғыстау облыстық полиция департаменті аталған оқиғаға түсініктеме беріп, арнайы операцияның есірткіге қатысты іс аясында жүргізілгенін растады.
Қазіргі уақытта тергеу амалдары жалғасып жатыр. Өзге мәліметтер жарияланған жоқ.
Материал авторы