1195

Астана маңында көлік өртеніп, қаза тапқандар табылды

Өртке оранған көліктен табылған қаза тапқандардың кім екені әзірге белгісіз болып отыр.

Астана маңында көлік өртеніп, қаза тапқандар табылды
t.me/astanovka98

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақмола облысында Астана – Петропавл республикалық автожолында болған қайғылы оқиға салдарынан адам шығыны тіркелді. Қазір оқиғаның барлық мән-жайын полиция анықтап жатыр.

Әлеуметтік желілерде Астана – Бурабай тас жолында көлік өртеніп жатқан сәт түсірілген видео тарады. Жазбада жол-көлік оқиғасы салдарынан қаза тапқандар бар екені айтылған.

Ақмола облысы Полиция департаментінің мәліметінше, оқиға Буланды ауданына қарасты Жанаталап ауылы маңында, Астана – Петропавл автожолында болған.

Ведомствоның хабарлауынша, көліктің өртену фактісі бойынша тексеру басталған.

Қазір оқиға орнында полиция қызметкерлері мен жедел әрекет ету қызметтері жұмыс істеп жатыр. Мамандар оқиғаның нақты себептері мен барлық мән-жайын анықтауда.

Алдын ала мәлімет бойынша, жол апаты салдарынан қаза тапқандар бар. Олардың жеке басы әзірге анықталып жатыр.

Полиция тексеру нәтижесі бойынша қолданыстағы заңнамаға сәйкес процессуалдық шешім қабылданатынын мәлімдеді.

Сондай-ақ құқық қорғау органдары азаматтарды расталмаған ақпаратты таратпауға және тергеудің ресми қорытындысын күтуге шақырды.

Материал авторы