Алматыда түлек дипломын сахнада жыртып тастады: видео қоғамда қызу талқыға түсті
Сахнадағы тосын жағдайдан кейін түлек өз ұстанымын айтып, әрекетіне түсініктеме берді.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Алматыда оқу орнын тәмамдаған түлектің әрекеті әлеуметтік желіде үлкен пікірталас туғызды. Жас жігіт дипломын алған сәтте оны сахнада жыртып тастаған.
Әлеуметтік желіде тараған видеода бітіру рәсімі кезінде түлектің қолына тиген дипломды жұрттың көзінше екіге бөліп жыртып жібергені көрінеді.
Оқиға желі қолданушыларын екі топқа бөлді. Кейбірі бұл әрекетті білімге, ата-ана еңбегіне және оқу орнына деген құрметсіздік деп бағалады.
Пікір қалдырғандар арасында «ата-анасының еңбегін бағаламады», «университет абыройына нұқсан келтірді», «мұндай әрекет орынсыз» деген пікірлер айтылды.
Кейбір қолданушылар керісінше түлекті қолдап, диплом адамның қабілеті мен білімін анықтайтын жалғыз өлшем емес екенін атап өтті.
Олардың пікірінше, қазіргі заманда маманның нақты білімі, тәжірибесі мен дағдысы қағаз жүзіндегі құжаттан маңызды болуы мүмкін.
«Диплом болмаса да, адамның ойы мен білімі маңызды» деген мазмұндағы пікірлер де жазылды.
Қазір әлеуметтік желіде тараған видеоға қатысты түрлі пікір айтылып жатыр. Ал дипломын жыртқан түлек өз әрекетіне қатысты түсініктеме берген.
Материал авторы