Қостанай маңында BMW бағанаға соғылып, түгі қалмай жанып кетті
Көліктегі 37 жастағы ер адам қаза тапты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қостанай облысында ауыр жол апаты тіркеліп, бір адам көз жұмды. BMW автокөлігі бетон электр бағанасына соғылып, кейін өртеніп кеткен.
Оқиға 14 сәуір күні Қостанай–Рудный тасжолында болған. Жол апаты салдарынан 37 жастағы ер адам қаза тапты.
Қостанай облысы полиция департаментінің мәліметінше, Рудный бағытымен қозғалып келе жатқан BMW жүргізушісі көлікті басқара алмай қалған. Соның салдарынан автокөлік электр желісінің бетон тіреуішіне соғылған.
Соққы салдарынан жүргізуші ауыр жарақат алып, оқиға орнында қайтыс болған. Апаттан кейін көлік өртеніп кеткен.
Қазіргі уақытта аталған факті бойынша сотқа дейінгі тергеу жүргізіліп жатыр. Оқиғаның нақты себептері мен мән-жайын анықтау үшін қажетті процессуалдық зерттеулер тағайындалған.
Полиция тергеу барысында жол апатына әкелген барлық жағдайды анықтайтынын хабарлады.
Материал авторы