Астанада «Музейлер түнінде» қандай іс-шаралар ұйымдастырылады

13.05.2023, 12:18
653
Астанада «Музейлер түнінде» қандай іс-шаралар ұйымдастырылады investastana.kz

18 мамыр күні сағат 18:00-де Астанадағы Ұлттық музейде Халықаралық музейлер күніне арналған «Музейлер түні» акциясы өтеді.

ICOM Халықаралық музейлер кеңесінің тұжырымдамасына сәйкес, биылғы жылғы акцияның тақырыбы – «Музейлер, тұрақтылық пен әл-ауқат». Осыған байланысты Ұлттық музей ұжымы елорда тұрғындары мен қонақтары үшін «Музей-уақыт ағымында» атты ауқымды тарихи-танымдық жобасын ұсынып отыр.

Күндізгі 10:00-18:00 аралығында Ғылыми кітапханада «Музейдің қор сақтау қызметін ұйымдастыру: теориясы мен практикасы» симпозиумы өтсе, музей залдарында «Балдырған гид» жобасы аясындағы шолу экскурсиялар, «Жәдігерлер сөйлейді» квест-сабағы ұйымдастырылады.

Кешкі 18:00-ден бастап Ұлттық музей басылымдары мен «Алматы-кітап» баспасының кітап көрмесі, «Тарихи тұлғалар: қуыршақ бейнесінде» авторлық қуыршақтар көрмесі, «Көненің көзін ашу» атты ҚР Ұлттық музейі Консервация және қалпына келтіру қызметінің көрмесі мен шеберлік сабақтары, қолөнер жәрмеңкесі, ғылыми дәрістер, театрландырылған экскурсиялар мен ойын-квесттер басталады. «Жұлдызды гид» жобасында елге танымал тарихшылар Радик Темірғалиев, Жақсылық Сәбитов, Мұхит-Ардагер Сыдықназаров, медиаменеджер Арманжан Байтасов, блогер Диас Камериданов пен «Pygmalion» галереясының негізін қалаушы Данагүл Төлепбай музей залдарында экскурсия жүргізеді.

Мерекелік кеште үрмелі аспаптар оркестрі, симфониялық оркестр, би ұжымдары, диджейлер өнерлерін паш етіп, соңында отты шоу көрсетіледі.

«Музейлер түні»– еліміздің мәдени өміріндегі елеулі оқиға, көпшілік асыға күтетін дәстүрлі шаралардың бірі. Ауқымды шараның негізгі мақсаты – еліміздің ең басты әлеуметтік-мәдени мекемесі ретінде музейге деген көпшіліктің қызығушылығын ояту, тарихи-мәдени мұраларға арналған бірегей шаралар мен бағдарламалар арқылы музейдің беделін арттыру. Ол жастардың шығармашылығын дамытуға, мәдени орта құруға үлкен септігін тигізеді. Елордамыздың тұрғындары мен қонақтары үшін аталмыш шара музей әлемімен танысуға, музей коллекциялары мен экспозициясын көруге, мәдени бағдарламаларға қатысуға және көңілді демалып қайтуға зор мүмкіндік береді.

Айта кетейік, кешкі 18:00-ден бастап халықтың барлық санаты үшін музейге кіру – тегін.

Роза Рымбаеваға балмұздақ үшін айыппұл салынды (ВИДЕО) Қарағандыда екі жастағы бала пойыздың астына түсіп, мерт болды Қазгидромет маусым айына арналған ауа райы болжамын жариялады Ақтөбеде қызғалдақпен суретке түскен ауыл әкімінің ісі көшпелі сот отырысында қаралады Олигархтардан қайтарылған ақшаға Ұлытауда су құбырын жүргізбек Тоқаев Байқоңырдың 70 жылдығымен құттықтады Жынысын ауыстырған блогер өзіне министрдің ғашық екенін айтты «Назарбаев мені жек көріп кетті»: Әмина апа жат ағымның елге кіруіне қарсы болғанын айтты 18 жастағы бозбала ақша үшін 85 жастағы атасын өлтіріп тастады Жаркент маңындағы сақ қорғандары тоналған боп шықты (ВИДЕО) 18 жасар қыз жігітін қызғанып, оны пышақтап тастаған «Азаптаған соң лақтырып жіберген»: Ақнәрға қатысты тағы бір бейнежазба пайда болды Ердоған Ресей мен Украинаны тағы бір келіссөз өткізуге шақырды Дене шынықтыру мұғалімі 14 жасар қызды зорлады деген күдікке ілінді Конституциялық Сот ашық екенін көрсетті: медиақоғамдастықпен Өзара түсіністік туралы меморандумға қол қойылды 18 жасар студент қыз өз ата-анасын «тірідей жерлеген» Қарағандыда 5 млрд теңгеге жуық жер телімі мемлекетке қайтарылды «Селфиге түсуге болады»: Енді жеке куәлікті онлайн ауыстыруға болады Астанада көлік тізгінінде келе жатқан жүргізуші жол үстінде көз жұмды Ақтөбеде кішкентай бала подъездегі баспалдаққа қысылып қалды