Жұмысынан айырылуға байланысты төлем алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы беруге болады

13.05.2023, 12:39
417
Жұмысынан айырылуға байланысты төлем алуға өтінімді мобильдік қосымша арқылы беруге болады smartnews.kz

Жұмысынан айырылу бойынша төлем алуға өтінім беру мүмкіндігі екінші деңгейдегі банктер қосымшасында қол жетімді болды, деп хабарлайды ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігінің баспасөз қызметі.

Мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру қорынан жұмысынан айырылу бойынша жоғалған табыстың 45%-на дейінгі мөлшердегі төлемді жұмыссыз ретінде тіркелген жұмыстан босатылған адамдар 1 айдан 6 айға дейін ала алады.

Төлемді алу үшін тиісті өтінімді жұмыспен қамту орталығы, халыққа қызмет көрсету орталығы, «Электрондық үкімет» порталы, Enbek.kz электрондық еңбек биржасы арқылы немесе тиісті SMS-хабарламаға жауап бере отырып, проактивті түрде беру қажет болды. Енді «Halyk» мобильді қосымшасының пайдаланушылары «Мемлекеттік қызметтер» бөлімінде де өтініш бере алады.

«Азаматтарға әлеуметтік-еңбек саласының қызметтеріне қол жеткізуді қамтамасыз ету бойынша жұмыс әр түрлі платформаларда тұрақты жүргізілуде. ЕДБ арқылы біздің алғашқы қызметтеріміз 2021 жылы қол жетімді болды. Олар «Бала тууға және бала күтіміне байланысты жәрдемақы тағайындау» және «Бала бір жарым жасқа толғаннан кейін оның күтіміне байланысты табысынан айырылған жағдайда әлеуметтік төлем тағайындау». 2022 жылы бұл тізім тағы 4 қызметке кеңейді. Жұмысынан айырылу бойынша өтінім беру – биылғы жылы іске асырылған екінші қызмет», – деді ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ербол Оспанов.

Сервисті ҚР Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі, ҚР Цифрлық даму, инновациялар және аэроғарыш өнеркәсібі министрлігі және «Қазақстан Халық банкі» АҚ іске асырды.

Шалыс басқан жастарға жазаны жеңілдету ұсынылды Украинада 300-ге жуық қазақстандық болуы мүмкін Шымкент әкімі де футболға бөлінетін қаржыны қысқартатын болды АҚШ түшкірсе, Ресей тұмаурата ма: Жаңа санкциялар қандай? «Ота кезінде көп қан кеткен»: Семейлік ана 13 жасар ұлының өліміне дәрігерлерді кінәлайды Украина мен НАТО шұғыл кеңес өткізеді «Балғамен ұрып өлтірмек болды»: ер адам әйелінің жұмысына келіп, оны ұрып өлтірмек болған (ВИДЕО) Мұнайшылар ереуілі: Жұмыскерлерге қысым көрсетіліп жатқаны рас па? Жаңа жылда 4 қаңтарға дейін демалыс болмақ eGov қосымшасы арқылы қазақстандықтардың несие тарихы қадағаланады Елімізде банан емес, адам саудасы «қызып» тұр Журналист Гүлмира Әбіқай елден ақша жинайтын тағы бір қайырымдылық қорының былығын ашты Бокстан Азия чемпионатында ел намысын кімдер қорғайды? Нұрбике Нұрқаділова өмірден өтті: Заманбек Нұрқаділовтің бірінші жары соңғы сұхбатында қандай шындықты айтып кетті? Майқайыңдағы масқара: Ағасы мен қарындасы зорланған «Зорлады» деп жалған арыз жазатын нәзік жандылар азаймай тұр «Бейбітшілікті қалайтындарға түкіргені бар»: Зеленский Путиннің мәлімдемесіне жауап қатты Путин Украинаға атқылаған «Орешник» зымыраны сәтті сыналғанына сүйінші сұрады Украинадағы жағдай ушықты: Бектенов шұғыл жиын өткізді «Еліміздің барлық аймағында дерлік күн бұзылады»: 22 қарашаға арналған ауа райы болжамы жарияланды