Абай облысында ауылдарға кең жолақты интернет жеткізу үшін «Жол картасы» әзірленуде

13.05.2023, 13:24
587
Абай облысында ауылдарға кең жолақты интернет жеткізу үшін «Жол картасы» әзірленуде smartnews.kz

Биыл Абай облысындағы 3 ауданға кең жолақты интернет жеткізу үшін 9 антенна-діңгек құрылғысы орнатылады, деп хабарлайды smartnews.kz сайты.

Қазір Абай облысында өңірдегі елді мекендерді кең жолақты интернет желісіне қосу үшін «Жол картасы» жобасы әзірленуде. Бұл туралы Көкпекті ауданында аймақ басшысы Нұрлан Ұранхаевтың төрағалығымен өткен көшпелі аппараттық кеңес барысында айтылды.

Облыстық энергетика және ТКШ басқармасының басшысы Болат Әбдіралиевтің айтуынша, лицензиялық келісім аясында облыс әкімдігі электр желісін тарта отырып, 26 антенна-діңгек құрылысын салуды жоспарлап отыр.

Мәселен, ағымдағы жылы Абай, Үржар, Жарма аудандарының ауылдарында 9 АМС құрылысы басталады. Келесі жылы тағы 17 АМС құрылысы жоспарланған, оның 11-інің жобасы дайын (Аягөз, Бесқарағай, Ақсуат аудандарында) және 6 құрылыстың жобасы әзірлену үстінде (Семей қаласына қарасты Ақбұлақ, Абыралы, Қараөлең ауылдық округтері, Бородулиха және Көкпекті аудандары). Сонымен қатар, 4 АМС жеке қаражат есебінен салынады.

Жергілікті әкімдіктердің ақпаратына сүйенсек, облыстағы ауылдық елді мекендердің тек 66,7 пайызында немесе 222-сінде ғана интернет бар (оның ішінде 134 ауыл сымды және мобильді интернетпен қамтамасыз етілген, 75 елді мекенде мобильді интернет, 13 ауылда сымды интернет қолжетімді).

Теңге тағы қысымда: 15 мамырдағы валюта бағамы жарияланды Шаңды дауыл, найзағай, аптап ыстық: 15 мамырда елді қолайсыз ауа райы күтіп тұр «Әкімдікке кіріп көрмегенмін»: Мақпал Жүнісова Роза Рымбаеваға жауап берді «35 жастан кейін басталды»: тойда билеген әйелдің видеосы вирусқа айналды Алматыда үйленген ер адамды аңдыған әйелге қылмыстық іс қозғалды «Өзімді Ресейдегі өзбектей сезіндім»: Алматыға келген ресейлік қыз дауға қалды Ердоған Қазақстанға үндеу жасады: Түркі бірлігі жаңа кезеңге өтті UMC Назарбаевтың жүрек операциясы туралы ақпаратты жоққа шығармады Ресейде аулада намаз оқыған өзбекстандық елден қуылды Оралда полицей қыз зорлады деген күдікпен қамауға алынды Әкімнің орынбасары даулы видеодан кейін қызметінен кетті (ВИДЕО) Ақтауда полиция көлігі 1,5 жасар баланы қағып өлтірді Bloomberg: Қазақстан маусымда мұнай тасымалын азайтады Павлодарда ер адам сүйіктісін көлікпен қабырғаға қысып, аяғынан айырды Алматы облысында 11-сынып оқушылары баланы қағып кетіп, шындықты жасыруға тырысқан Freedom Travel төңірегіндегі жанжал: отадан шыққан егде жастағы жолаушылар күні бойы әуежайда отырған Украина тұтқынындағы қазақстандық Ресей билігіне үндеу жасады Өскеменде 356 млн теңгені қолма-қол ақшаға айналдырғандардың ісіне шенеунік те араласқан Атырауда қыздың өлімі үшін сотталған мүсіншіге қатысты үкім жойылды Құлсарыдағы ерлі-зайыпты қаза тапқан жарылыстың себебі әшкере болды