Канье Уэст алғаш рет Қазақстанда концерт береді
Америкалық рэпер алғаш рет Қазақстанға келіп, Алматыда жеке концертін өткізеді.
Америкалық рэпер Ye (бұрынғы есімі Канье Уэст) алғаш рет Қазақстанда концерт өткізеді. Өнер көрсету кеші 2026 жылдың 14 тамызында Алматыдағы Орталық стадионда өтеді.
Алдағы концерт туралы блогер Бейбіт Әлібеков хабарлады. Концертті ұйымдастырумен First Media Group компаниясы айналысады. Ұйымдастырушылар бағдарламаның толық мазмұны кейінірек жарияланатынын мәлімдеді.
Концерт билеттері 20 шілдеде Freedom Ticketon платформасында сатылымға шығады. Ал Freedom SuperApp пайдаланушылары билеттерді жеңілдікпен сатып ала алады.
Ye қазіргі заманғы хип-хоп тарихындағы ең ықпалды музыканттардың бірі саналады. Оның шығармашылық қоржынында The College Dropout, Graduation, 808s & Heartbreak, My Beautiful Dark Twisted Fantasy, Yeezus, Donda және өзге де альбомдар бар. Музыкант мансабында 20-дан астам «Грэмми» сыйлығын жеңіп алған.
Музыкадан бөлек, Ye сән дизайнері әрі Yeezy брендінің негізін қалаушы ретінде де кеңінен танымал. Соңғы жылдары ол түрлі резонансты мәлімдемелері мен шығармашылық бағытындағы өзгерістеріне байланысты қоғам назарынан түскен емес. Соған қарамастан, әлемнің әр түкпіріндегі концерттері әлі де мыңдаған көрерменнің басын қосып келеді.
Материал авторы