545

Оралда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қыз құтқарылды

Оралда полицейлер көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қызды құтқарып қалды, деп хабаарлайды polisia.kz.

Оралда көпқабатты үйдің шатырынан секірмек болған 15 жастағы қыз құтқарылды
smartnews.kz

102 арнасына кәмелетке толмаған жасөспірімнің жоғалып кеткені туралы өтініш 12 мамыр кешке келіп түскен.

Департаменттің барлық жеке құрамы жасөспірімді іздеуге жұмылдырылды. Қыз бала таңертеңгі уақытта көп қабатты үйлердің бірінің төбесінде секіргелі тұрған жерінен табылды. Ювеналды полиция инспекторлары Рамазан Жадигеров пен Әділ Сахипкереев баланы уақытында райынан қайтарып, аман алып қалды.

Қазір жасөспіріммен психологтер айналысып жатыр. Оқиғаның себептері бойынша тергеу әрекеттері жүргізіліп жатыр.