Айя-София мешітінде Інжілді айқайлап оқыған ресейліктер Мәскеуге ұшып кетті
Түркия билігі оқиғаға қатысты ресми мәлімдеме жасамаған, ал дипломаттар депортация жоспары болғанын айтқан.
Ыстамбұлдағы Айя-София мешітінде ұсталған ресейлік туристер Игорь мен Виктория Филоновтар Мәскеуге ұшып кетті. Олар Түркиядан жоспарланған рейспен шығарылған.
Ресейдің Ыстамбұлдағы бас консулдығының мәліметінше, Филоновтар жұма күні Мәскеуге бағыт алған ұшаққа отырған. Рейс жергілікті уақыт бойынша емес, Мәскеу уақытымен 19:55-те жоспарланған.
Бұған дейін дипломаттар сейсенбі күні Ыстамбұл полициясы екі ресейлік азаматты – Игорь және Виктория Филоновтарды ұстағанын хабарлаған еді.
Түркияның Anadolu мемлекеттік агенттігі туристер Інжілді мешіт ішінде дауыстап оқығаннан кейін «өшпенділік қоздырды» деген күдікпен ұсталғанын жазған.
Ал Ресейдің бас консулдығы бұған дейін жұма күні туристерді елден шығару жоспарланғанын мәлімдеген.
Оқиғаға қатысты Түркия билігі тарапынан әзірге ресми түсініктеме берілген жоқ.
Айя-София – Ыстамбұлдағы ең танымал тарихи нысандардың бірі. Ғасырлар бойы шіркеу, кейін мешіт, музей және қайтадан мешіт ретінде түрлі тарихи кезеңдерді бастан өткерген бұл орын діни және мәдени тұрғыдан ерекше маңызға ие.
Материал авторы