Вашингтон Иранға қарсы соғысты күшейтуге дайындалып жатыр
АҚШ шенеуніктері әскери операцияларды кеңейтуге оқ-дәрі мен әуе қорғанысы қорлары кедергі болуы мүмкін екенін айтты.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, АҚШ Иорданияда америкалық әскери қызметкерлердің қаза табуынан кейін Иранға қарсы әскери операцияларын кеңейтуді жоспарлап отыр.
Басылымның мәліметінше, Пентагон Таяу Шығыс аймағындағы әскери әуе күштерін күшейтіп, өңірге қосымша әскери ұшақтар орналастыруда.
Сонымен бірге, басылым тілдескен тағы бір дереккөз АҚШ-тың әскери операцияларды кеңейту мүмкіндігі бірқатар факторға байланысты шектелуі ықтимал екенін айтты. Оның сөзінше, әуе қорғанысы жүйелеріне арналған оқ-дәрі қоры мен алыс қашықтыққа арналған қару-жарақ қоры азайып келеді. Бұған қоса, әскери техниканың ұрыс барысында зақымдануы Таяу Шығысқа қосымша әскер мен авиацияны жіберуді қиындатуы мүмкін.
«Қауіпсіз операция жүргізуге жеткілікті ресурсымыз жоқ. Ақ үй мұның толық ауқымын біледі деп ойламаймын», – деген аты-жөні жарияланбаған америкалық шенеунік.
The Washington Post мәліметінше, АҚШ пен Иран арасындағы өзара соққылар қайта басталғалы бері кемінде үш америкалық әскери қызметкер қаза тапқан.
18 шілдеде Иран Иорданиядағы америкалық нысандарға соққы жасаған. Шабуыл салдарынан екі америкалық сарбаз көз жұмып, тағы бір әскери қызметкер із-түзсіз жоғалған.
Материал авторы