Ламин Ямаль тарихқа енді: 20 жасқа дейін Еуро мен әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы футболшы
Испаниялық вундеркинд Ламин Ямаль бұрын-соңды болмаған рекордтың авторы болды.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Испания құрамасының 19 жастағы вингері Ламин Ямаль әлем футболының тарихына енді. Ол 20 жасқа толмай тұрып әрі Еуропа чемпионатын, әрі әлем чемпионатын жеңіп алған алғашқы футболшы атанды.
Тарихи жетістік Испанияның 2026 жылғы әлем чемпионатының финалында Аргентинаны қосымша уақытта 1:0 есебімен жеңгеннен кейін тіркелді.
Осылайша Ламин Ямаль Еуро-2024 пен 2026 жылғы әлем чемпионатын 20 жасқа дейін жеңіп алған тұңғыш футболшы ретінде рекорд орнатты.
Әлем чемпионатында испаниялық жас талант құраманың барлық сегіз матчына қатысып, бір гол соқты.
Ал Еуро-2024 турнирінде де Ямаль барлық жеті кездесуде алаңға шығып, бір голдың авторы атанды және төрт нәтижелі пас берді. Оның ішінде финалдағы шешуші ассист те бар.
Материал авторы