3287

Елімізде әйелдер вагоны тағы бір бағытта іске қосылады

Жоғары сұранысқа байланысты арнайы әйелдер вагоны көбейіп жатыр.

Елімізде әйелдер вагоны тағы бір бағытта іске қосылады
rail-news.kz/

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда әйелдер вагоны қызметі тағы бір бағытта іске қосылады. 2026 жылғы 2 қыркүйектен бастап №81/82 «Нұрлы жол – Орал» Тальго пойызының құрамында арнайы әйелдер вагоны қатынай бастайды.

«Жолаушылар тасымалы» АҚ мәліметінше, мұндай шешім жолаушылар тарапынан сұраныстың артуына байланысты қабылданған.

Жаңа вагон іске қосылғаннан кейін әйелдер вагоны бар бағыттардың саны 13-ке жетеді.

Қазіргі уақытта бұл қызмет мына бағыттарда қолжетімді:

Алматы – Маңғыстау;

Алматы – Өскемен;

Павлодар – Түркістан;

Маңғыстау – Семей;

Атырау – Нұрлы жол;

Нұрлы жол – Алматы;

Нұрлы жол – Шымкент;

Ақтөбе – Алматы;

Алматы – Шымкент;

Нұрлы жол – Семей;

Орал – Маңғыстау және өзге бағыттар.

Әйелдер вагонында ересектердің сүйемелдеуімен 7 жасқа дейінгі ер балалардың жүруіне рұқсат етіледі.

Билеттерді теміржол кассаларынан немесе онлайн сатып алуға болады. Ол үшін билет рәсімдеу кезінде «ЖН» белгісі бар вагонды таңдау қажет. Билет сатылымы пойыз жөнелетін күнге дейін 45 тәулік бұрын ашылады.

Еске салсақ, Қазақстанда жыл сайын шамамен 6 миллион әйел пойызбен сапар шегеді. Жолаушылардың жайлылығы мен қауіпсіздігін арттыру мақсатында арнайы әйелдер вагондары кезең-кезеңімен көбейтіліп келеді.

Материал авторы