3191

Ақтауда ер адам қайықтан құлап, судан шыға алмай қалды

Ер адам резеңке қайықтан құлағаннан кейін өздігінен жағаға шыға алмаған.

Ақтауда ер адам қайықтан құлап, судан шыға алмай қалды
ТЖМ

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Ақтауда демалыс кезінде қайықтан құлап кеткен ер адамды Төтенше жағдайлар министрлігінің қызметкерлері құтқарды. Ол өздігінен жағаға шыға алмай қалған.

Оқиға «Шора» су арнасы маңында болған. Су айдынын патрульдеу кезінде құтқарушылар суда жүрген адамды байқап, бірден көмекке барған.

Белгілі болғандай, ер адам резеңке қайықтан суға құлап кеткен. Ол өз күшімен қайта шыға алмаған.

ТЖМ қызметкерлері жедел әрекет етіп, ер адамды судан шығарып, жағаға жеткізді. Құтқарылған азаматқа медициналық көмек қажет болмаған.

Министрлік өкілдері тұрғындарға су айдындарында қауіпсіздік ережелерін сақтауды ескертті. Мамандар қайықпен жүзу кезінде міндетті түрде құтқару кеудешесін киіп, судағы қауіпсіздік талаптарын елемеуге болмайтынын атап өтті.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор