2536

Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты

Қайғылы оқиға электр сорғысының ақауын жою жұмыстары кезінде болған.

Павлодар облысында кәріз құдығында алты адам қаза тапты
gazetabalakovo.ru

SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Павлодар облысында қайғылы оқиға болып, кәріз құдығында жұмыс жүргізу кезінде алты адам көз жұмды. Тағы бір адам ауруханаға жеткізілді. Бұл туралы Kerek.pv Telegram-арнасы жазды.

Алдын ала мәлімет бойынша, қайғылы жағдай Ақтоғай ауданының Жоламан ауылындағы Aqtogai Milk ЖШС аумағында болған. Кәріз құдығындағы электр сорғысының ақауын жою жұмыстары кезінде алты адам қаза тапқан.

Оқиға салдарынан зардап шеккен тағы бір адам көмірқышқыл газынан орташа дәрежеде уланып, Ақтоғай аудандық ауруханасына жатқызылды. Дәрігерлердің мәліметінше, оның жағдайы тұрақты, облыс орталығына тасымалдауды қажет етпейді.

Павлодар облыстық полиция департаменті аталған факті бойынша қылмыстық іс қозғалғанын мәлімдеді.

«Қазақстан Республикасы Қылмыстық-процестік кодексінің 201-бабына сәйкес, тергеу мүддесіне байланысты өзге ақпарат жария етілмейді», – деп хабарлады ведомство.

Материал авторы

Аиса Махамбет
Аиса Махамбет Редактор