Қазақтарды қорлаған Екатерина Бивол тұрмысқа шыққалы жатыр
Қазақстанда іздеуде жүрген әйел тойға дайындалып жүр.
SMARTNEWS.KZ басылымының хабарлауынша, Қазақстанда халықаралық іздеуде жүрген Екатерина Бивол тұрмысқа шығатынын жариялады. Бұл туралы NewTimes.kz басылымы жазды.
Блогер қуанышты жаңалығын Instagram парақшасында бөлісті. Ол Мәскеудегі мейрамханалардың бірінде түсірілген бірнеше суретті жариялап, гауһартас орнатылған неке жүзігін көрсетті. Алайда болашақ жарының кім екенін ашып айтпай, ортақ фотода оның жүзін жасырып қойған.
«Мен «иә» дедім! Сені сүйемін, жаным!» – деп жазды Екатерина Бивол.
Еске салайық, Екатерина Бивол қырғызстандық кәсіпқой боксшы Дмитрий Биволмен он жылдан астам уақыт отасқан. Ерлі-зайыптылардың екі ұлы бар. Ажырасқаннан кейін олардың арасындағы дау-дамай, өзара айыптаулар мен сот процестері қоғам назарынан түскен жоқ.
Өткен жылдың күзінде Екатерина Биволдың есімі тағы да дауға ілікті. Оның Telegram-арнасында қазақтар мен қырғыздарға қатысты балағат сөздер мен қорлайтын мәлімдемелер айтылған видео жарияланды.
Кейін Санкт-Петербургтің Ленин аудандық соты ұлтаралық араздықты қоздыру ісі бойынша оны 60 сағат қоғамдық жұмысқа тарту туралы шешім шығарды. Бұл жаза жоғарыдағы видеоға байланысты тағайындалған.
2025 жылдың қараша айында Екатерина Бивол психиатриялық ауруханаға жатқызылған болатын. Оның айтуынша, мұндай шешімге бұрынғы күйеуінің жанкүйерлері мен туыстары сияқты үшінші тұлғалардың шағымдары себеп болған.
Бұған дейін Қазақстан полициясы Екатерина Биволды халықаралық іздеуге жариялаған. Оған қатысты ұлтаралық араздықты қоздыру бабымен қылмыстық іс қозғалған. Осындай тексеруді Қырғызстанның Ішкі істер министрлігі де бастап, ұлттық және діни араздықты қоздыру белгілерін тексеруге кіріскен.
Қазақстан тарапы Екатерина Биволды Ресейден экстрадициялауды сұрайтынын да бұған дейін мәлімдеген.
Материал авторы